Шу ауданында егін ору науқаны қарқын алды. Нақтылы кезеңде шаруалар ақ егінді оруға бел буа, білек сыбана кірісіп кетті. Оған қажетті техникалар да сақадай сай, өз жұмыстарын жалғаcтыруда. Жалпы, аудан бойынша 17 850 га күздік бидай, 20 180 га жаздық арпа, барлығы 38 мың гектардан астам алқаптан масақты дәнді дақылдар өнімін жинау жоспарланған.