Жалпы, Жамбылда көгеріштендіру жұмыстарына бөлінетін миллиондаған қаражат мақсатты жұмсала ма? Отырғызылған ағаштардың өсіп-жетілуі қалай қадағалануда? Облыстың орман шаруашылығындағы бірқатар шикі тірліктерді тұрақты комиссия анықтап отыр. Зерделеу жұмыстарының нәтижесі мәслихаттың кезекті сессиясында талқыланды.