Бүгін белгілі жазушы-драматург Елен Әлімжанның туған күні. Қазақ әдебиетіне, руханиятына қомақты үлес қосқан қаламгер 80 жасқа толып отыр. Роман, драма, публицистика, комедия, трагедия сынды жанрлар мен тақырыптардың барлығына дерлік қалам тербеген Елен Әбдуатұлы саналы ғұмырында қара шаңырақ – телеарнаны да тізгіндеген еді.