Қаржы мониторингі агенттігі электронды темекі құралдарының заңсыз айналымымен күресу бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізуде. 2025 жылдың басынан бері: вейптерді заңсыз сатудың 32 фактісі анықталып, 440 мыңнан астам бірлік тәркіленді және жойылды. Сондай-ақ, оларды өндіруге арналған жалпы құны 1,8 млрд теңгеден асатын 6 бірлік техника тәркіленді. Осы заң бұзушылыққа қатысы бар 14 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қылмыстық әрекет Telegram және WhatsApp мессенджерлері, сондай-ақ курьерлік қызметтер арқылы жүзеге асырылған. Заңсыз саудадан түскен қаражат ара делдалдар арқылы шығарылған. Айта кету керек, олар мұндай заңсыз тауарларды көбінесе жастар мен кәмелетке толмаған мектеп оқушыларына сатқаны анықталып отыр.