Бүгін сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезекті 29-шы сессиясы өтті. Онда облыс аумағында мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылып жатқан құрылыс нысандарының сапасы және осы мақсатқа жоспарланған қаражаттың тиімді жұмсалуы қаралды. Сондай-ақ, халық қалаулыларының қатары толықты. Жаңа сайланған депутатқа төсбелгі тағылды.