Мемлекетке қайтарылған қаражаттың шарапатын Таластықтықтар да көруде. Ауданға қарасты Қараой ауылында осындай активтер есебінен ауыз су жүйесі салынып, ел игілігіне берілді. Нысанның ашылу салтанатына Жамбыл облысының прокуроры Берік Әбілов және аудан әкімі қатысып, тұрғындардың қуанышымен бөлісті.