Маңғыстау атом энергетикалық комбинатына бөлінген субссидияға салық салынбайды. Бүгін Мәжілісте осыған қатысты заң жобасы мақұлданды. Сондай-ақ енді зейнетақы төлерде Моңғолиядан қоныс аударған қандастардың сол жақтағы еңбек өтілі есепке алынады. Тағы бір жаңалық, қару иелері мен күзет қызметі ұйымдарына талап қатаңдайды.