Тараз қаласындағы Әскери госпиталь мамандары «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» «Сардар» әскери-патриоттық клубы оқушыларына тәжірибелік сабақ өткізді. Бұл шара жасөспірімдерді кәсіби әскери-медициналық қызметпен жақынырақ таныстыруға мүмкіндік берді. Сабақ оқушылардың төтенше жағдайда әрекет етуге деген қызығушылығын арттырды.