«Әулиеата - кітап оқитын өңір» жобасы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, драматург, публицист Елен Әбдуатұлы Әлімжанның шығармашылығына арналған тағылымды әдеби жиын өтті. Қоғамға ой салған сан қырлы туындылардың авторы үшін бұл басқосу ерекше болды. Себебі іс-шара зағип және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханада ұйымдастырылып, қаламгердің шығармалары брайль қарпінде жарық көрді.