Облыста қант қызылшасын жинау науқаны толық аяқталды. Биыл 6,6 мың гектар алқаптан 220 мың тоннадан астам өнім жиналып, тәтті түбір толықтай «Меркі қант» зауытына өткізілген. Жалпы соңғы жылдардағы жоғары өнімділік - өңірдегі өндірістік әлеуетті айтарлықтай дамытып отыр.