Баспана бардың байлығы, жоқтың арманы. Ал сол армандарға жол ашу үшін қалада қазір құрылыс қарқынды. Жыл басынан бері 49 тұрғын үй бой көтерсе, соның 15-інің шамы жағылып, жаңа қоныс иелерінің қуанышы тасып тұр. Жыл соңына дейін тағы бірнеше үй ел игілігіне берілмек. Қалғаны келер жылдың еншісінде. Суық ауа-райына қарамастан, табанды еңбек етіп жатқан құрылысшылардың еңбегі ерен.