Химиялық және биологиялық қауіп Ернұр Тәңірберген үшін таңсық дүние емес. Радиациялық қатерді сонадайдан сезетін сержант осындай қабылеті үшін Қазақстанның радиациялық, қорғаныс әскері бойынша үздік маман атағына ұсынылды. Тараздағы 22534 әскери бөлімінде қалтқысыз қызмет етіп жүрген жас маман өз ісіне адалдығымен өзге әріптестеріне үлгі.