Тараз қаласының 2023–2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланды. Биыл шаһардың негізгі салалары бойынша тұрақты өсім байқалған. Өнеркәсіп көлемі 19 пайыздан асқан. Инвестиция тарту да қарқын алған: 171 млрд теңге игеріліп, көрсеткіш 27 пайызға өскен. Құрылыс жұмыстарының көлемі былтырмен салыстырғанда 35,8 пайызға артты. 325 мың шаршы метрден астам тұрғын үй қолданысқа берілген. Бұл жөнінде шаһар басшысы баспасөз брифингінде баян етті.