«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Тараздағы Шайқорық алқабында қалалық прокуратура мен мемлекеттік орган өкілдері азаматтарды қабылдады. Онда әрбір азаматтың өтініші жеке тыңдалып, кейбір мәселелер сол жерде шешімін тапты. Ал күрделі сұрақтар тиісті органдардың бақылауына алынды.