Жамбыл облысында полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында бақылау жұмыстарын күшейтті. Өткен аптада полиция бөлімдеріне 115 жасөспірім жеткізіліп, 176 әкімшілік хаттама толтырылды. Қиын өмірлік жағдайға тап болған жеті бала Облыс әкімдігіне қарасты Балаларды қолдау орталығына орналастырылды.