Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Токио қаласында 2025 жылғы 15-25 қараша аралығында өткен XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарында ел мерейін асқақтатқан өңір спортшыларымен кездесті. Жамбыл облысынан 7 спорт түрінен 12 спортшы қатысып, барлығы 6 медальді еншіледі.