10-желтоқсан – дүниежүзі бойынша адам құқықтары күніне орай, Ш.Уәлиханов кітапханасында «Адам және оның құқықтары» атты дөңгелек үстел өтті. Жиында мамандар адам құқығын қорғау бағытындағы өзекті мәселелерді көтеріп, қоғамдағы құқықтық мәдениет жайлы кеңінен сөз қозғады.