Ел бойынша ең арзан сиыр еті Батыс қазақстанда. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев аймақ өзін етпен толық қамтамасыз етіп қана қоймай, басқа өңірлерге де жіберетінін айтты. Мұндағы ірі қара етінің бағасы Республикалық орташа бағадан шамамен 200 теңгеге арзан. Жалпы өңірде ауыл шаруашылығы жоғары қарқынмен дамып келеді. Биылдың өзінде құны 15,4 млрд теңге болатын 18 жоба жүзеге асырыла бастаған. 2027 жылға дейін тағы 54 инвестициялық жоба қолға алынбақ. Осылайша 870 жаңа жұмыс орны ашылады. Облыста жол жөндеу, өңдеу өнеркәсібі, көші қон, білім және басқа да салаларды дамытуға ерекше басымдық беріліп келеді деді Нариман Төреғалиев.