Биыл республикалық «Үздік педагог» конкурсында өңірдің 3 педагогі жеңімпаз атанды. Сонымен қатар халықаралық және республикалық байқауларда 113 мұғалім топ жарды. Бұған дейін жалпы 55 ұстаз «Үздік педагог» атанса, оның 22-сі – ауыл мектептерінің мұғалімдері. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев аймақтың абыройын асқақтатып жүрген ағартушылармен кездесіп, оларды кәсіби жетістіктерімен құттықтады.