Кеше кешкісін басталған қарды тазалау жұмыстары Жамбыл ауданында қарқын алды. Биыл ақ ұлпа жылдағыдан кеш жауды. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеуге кірісіп, көшелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Жауапты сала мамандары жұмысқа білек сыбана кірісіп, жолдарды қардан тазалады.