Мәжіліс электросамокат мінгендерге қатысты жаңа заңды мақұлдады. Енді олар жол ережесін бұзса, көлік жүргізушілерімен бірдей жауап береді. Жаңа талапқа сәйкес, ереже сақтамағаны үшін 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Бір жыл ішінде қайталанса – айыппұл 5 есе артады. Ал адам жарақат алған жол апатына себепкер болса – 10 айлық есептік көрсеткіш, ал оны қайта жасаса – 2 есе жоғары айыппұл қарастырылған. Кикшеринг компаниялары да жауапкершіліктен тыс қалмайды. Егер самокатты басқаруға құқығы жоқ адамға жалға берсе – 25 АЕК, ал ондай адам жол-көлік оқиғасына түссе – компания 40 АЕК төлейді. Айта кетейік, 2026 жылы бір айлық есептік көрсеткіш 4325 теңге болып белгіленген.