Бүгін тәуелсіздік күніне орай жас зерттеушілерді қолдауға бағытталған «Ғылымға қадам басамыз» қалалық форумы өтті. Оқушылар сарайында ұйымдастырылған шараға қала басшылығы, жоғары оқу орындарының ғалымдары, педагогтер мен мектеп басшылары қатысты. Форумның негізгі мақсаты – ғылымға қызығушылығы бар оқушыларды қолдап, олардың ізденісіне серпін беру.