Таразда «Халықаралық ислам өркениетін зерттеу орталығын» құру қажет. Себебі, көне Тараз қаланың ғана емес, жалпы Қазақстанның тарихы мен мәдени мұрасының шежіресі. Қазақ хандығының 560 жылдығына орай ұйымдастырылған Халықаралық ғылыми конференцияда ғалымдар осындай ұсыныс білдірді. «Өркениеттер тоғысындағы Талас: тарих, таным, тағылым» тақырыбында өткен алқалы жиында Әулиеатаның қалыптасуы туралы құнды мәліметтер, ғылыми зерттеулер, тың жазбалар жайлы қызықты деректер мен дәйектер айтылды.