Жаңатаста жаңа зауыт салынбақ. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарына дайындық жүріп жатыр. «Zhanatas Chemical Complex» жобасы Қазақстан мен ТМД аумағында теңдесі жоқ терең өңдеу технологияларын енгізіп, фосфорит өндірісін жаңа деңгейге көтеруді көздейді. Құрылысқа 300 млрд теңгеден астам инвестиция бағытталмақ.