Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанның құқық қорғау жүйесі үлкен өзгерістерді бастан өткерді. Мемлекеттік қауіпсіздікті күшейту, қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың тыныштығын қорғау — бүгінде жаңа мазмұнға ие міндеттер. Сол өзгерістердің ең алдыңғы шебінде учаскелік инспекторлар. Жамбыл ауданында дәл осы қызметтің абыройын асқақтатып жүрген инспектор бар. Оның бір күні — бір ауылдың ғана емес, шекараға жақын жатқан тұтас аймақтың қауіпсіздігімен тікелей байланысты.