Таразда «Асқақ рухты Әулиеата» атты кең көлемді поэзия кеші өтті. Ерекше форматта ұйымдастырылған іс-шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, белгілі өнерпаздар, әдебиет пен мәдениет әлемінің майталмандары, сондай-ақ жас таланттар, жырсүйер қауым қатысты. Кеш барысында республикалық әдеби байқаудың жүлдегерлері марапатталып, бір миллион теңгелік сертификаттар табысталды.