Орталық Азия өңірі мен Қытай арасындағы сауда айналымы 95 млрд долларға жетті. Оның жартысына жуығы Қазақстанның еншісінде. Бұл көрсеткіш арта түсеріне күмән жоқ. «Орталық Азия – Қытай» саммиті аясында түрлі бағыт бойынша келісімдер жасалып, жан-жақты құжаттар қабылданды. Сарапшылардың сөзінше, бұл шара тұтас аймақтың болашағына әсер етпек.