Биыл Шу аудандық «Шу өңірі» газетінің жарық көргеніне 90 жыл толып отыр. Алғашқы саны 1935 жылдың 16 маусымында «Социалды еңбек» деген атпен шыққан. Оның алғашқы редакторы Қартайған Молдағұлов болған. 90 жылдық мерейтойға орай Шу аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын өтіп, бірқатар марапаттар табыс етілді.