«Бізде барлығы қағаз жүзінде жақсы,ал іске келгенде нәтиже жоқ». Жұмысшы мамандықтар жылына орай іс шараларды ұйымдастыру бойынша өткен штаб отырысында облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов басқарма басшыларына осылай ескертпе жасады. Алқалы жиында қарашаны жұмыспен қамту шаруаларын ширату керектігін айтылып, жауаптыларға межелі мерзім берілді.