Елімізде 20 сәуір мен 20 маусым аралығында “Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан” атты челлендж форматындағы кең көлемді акция өтуде. Бұл шара Мемлекет басшысы жариялаған «Профилактика жылы» аясында ұйымдастырылып отыр. Аталған науқанға Меркі ауданының құқық қорғау саласының қызметкерлері де ат салысып, профилактикалық іс-шаралар өткізді.