Медицина мен әдебиет. Екеуі де емдейді. Біреуі – тәніңді, біреуі – жаныңды. Әрқайсысының жүгі ауыр. Бірақ соған қарамастан екеуін бірдей арқалағандар бар.
Биыл киелі Әулиеата өңірі үшін кітап оқу жылы болып жарияланды. Осы ретте, Қордай аудандық орталық ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі, жоғары дәрежелі хирург Нұрлан Жақсымбаевтың «Избранные вопросы практической медицины» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өткізілді.