Қазақ ән өнеріне тың жаңалық болып келген жерлесіміз, атақты опера әншісі, тенор, ұлағатты ұстаз Амангелді Сембиннің туғанына биыл 80 жыл толды. Осыған орай, Сарысу ауданында "Ла Скалада ән салған тұңғыш қазақ" атты Құрмет кеші ұйымдастырылды.