Жамбыл облысында халыққа медициналық қызметтің сапасын арттыру мақсатында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында бірқатар нақты жұмыстар атқарылуда. Аталған бастама аясында Қордай ауданында прокуратура органдарының атсалысуымен елге қайтарылған заңсыз активтер әлеуметтік салаға, соның ішінде ауылдық медицина инфрақұрылымын дамытуға бағытталып отыр.