Тараздың бел ортасы саналатын Абай даңғылы жаңарып жатыр. Бұл маңда жаңа көпірдің құрылысы басталды. Соған сәйкес бірқатар үйлер сүріліп жатыр. Қала қозғалысын жеңілдетуге бағытталған стратегиялық жобаның аяқталуы 2026 жылдың төртінші тоқсанына жоспарланған.