Жамбыл облысында 5 айдың ішінде 14 әйел суицид жасаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 фактіге көп. Қарызға белшесінен батып, жоқшылықтың зардабын тартып, өмірден баз кешкен аналар да бар олардың арасында. Одан бөлек жыл басынан бері жүзге жуық жасөспірім жүкті болып қалған.
Өзекті мәселе Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысында талқыланды.