Жыл санап, жұмысшы мамандардың абыройы көтеріліп, жалақысы да жоғарылап келеді. Бұл бағытта мемлекект тарапынан қолдауларда баршылық. Оқу ордалары заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, студенттердің сапалы білім алуына толықтай жағдай жасалуда. Мәселен, бүгін Тараздағы Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде форсайт-сессия өтті. Негізгі мақсат, алдағы уақытта жұмыссыздықтың алдын алу, мықты жұмысшы мамандар қалыптастыру.