Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Жібек жолы ауданындағы бірқатар нысанның жағдайымен танысты. Аймақ басшысы алдымен Сұлутөр тұрғын алқабындағы ұзындығы 1150 шақырымды құрайтын Қарой көшесін аралап көрді. Шағал тас төселген көшеге 2026 жылы орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп күтілуде екен.