Тараз қаласында блогердің бейнеролик түсірілімі «лайкпен» емес, полициямен жүздесумен аяқталды. Әлеуметтік желілерді бақылау кезінде тәртіп сақшылары қаланың орталық көшелерінің бірінде қауіпті маневрлер жасап, өзіне ғана емес, айналасындағыларға да қауіп төндіретін әрекетті анықтаған. Белгілі болғандай, жас жігіт басқалардың қауіпсіздігін елемей, өз парақшасына «контент» түсірген.