Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев үкіметке қосымша құн салығын көтерудің орнына балама жол ұсынды. Ол қосылған құн салығы мөлшерлемесінің ұлғаюы бизнестің «көлеңкелі» тұсын көбейтіп, тұтынушылар үшін қымбатшылыққа әкелуі мүмкін,- деп есептейді. Депутат тиімсіз шығындарды қысқартуды, көлеңкелі экономикаға қарсы күресті күшейтуді және кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау тәсілін өзгертуді ұсынды. Оның айтуынша, тек жұмыс орындарын құратын және қосылған құны жоғары өнімдер шығаратын компаниялар ғана көмек алуы керек.