Жамбыл облысында 41 қызметкерге 800 мың теңгеден асатын жалпы сомасы 36 млн. 108 мың теңге қаражат жеке карт -шоттарына жалақы ретінде аударылғаны анықталды. Мұндай фактіні Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметкерлері анықтаған. Белгілі болғандай, есеп-қисап жасауға жауапты тұлғалар «шатасқан». Бұзушылықтарға жол берген есепшілердің тәртіптік жауапкершілігі қаралып, оларға алдағы уақытта қызметкерлерге жалақы есептеп төлеу кезінде қатаң бақылауға алуларын, техникалық сабақтар өткізіп, бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігі қатаң тапсырылды.