Бұқаралық спорт – салауатты өмір салтының діңгегі, жас ұрпақ саулығының кепілі. Сондықтан қазіргі таңда, әсіресе ауыл аймақтарда спортқа жақсы көңіл бөлінуде.
Байзақ ауданы Түймекент және Ақжар елді мекендерінде, бокс және дзюдо күрес залдарының ашылу рәсімі өтті. Сонымен қатар Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан ауылындағы №24 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде жалғасын тапты.