Шу ауданындағы “Жібек жолы” экономикалық аймағында қытайлық “Sany Renewable Energy” компаниясының Орталық Азиядағы ең алғашқы жел электр станцияларына қажетті жабдықтар шығаратын зауытының іргетасы қаланды. Салтанатты капсула салу рәсіміне Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, “Самұрық-Қазына” АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов және Қытайдың еліміздің Бас Консулы Цзян Вэй мен компанияның директорлар кеңесінің төрағасы Чжоу Фугуй қатысты.