Жыл бойы жалғасқан Жамбыл облысының 85 жылдығы бүгін үлкен мерекелік салтанатпен түйінделді. «Көне Тараз» кешенінде өткен думанды кеште өңірдің өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүрген азаматтар марапатталып, облыс тарихынан сыр шертетін бірнеше кітаптардың тұсаукесері өтті. Аудандар арасында ұйымдастырылған «Мәдениет – асыл қазынам» байқауының жеңімпаздарына қомақты сыйлықтар табысталды.