85 жылдық даму жолын артқа тастаған Жамбыл облысының медицина саласы да бірнеше сатылы белестерден өтті. О баста қарапайым медициналық құрал- жабдықтардың өзі жеткіліксіз болған. Ал, қазір мамандар замануи технологияны игеруде. Уақыттың талабын тақымдаған денсаулық жүйесі цифрларлық бағытқа бет бұрды.

Мәселен, жедел жетіп жәрдем көрсететін көліктер заманауи құрылғылармен жабдықталып, медицина қызметкерлері мен науқасқа барлық қажетті заттармен қамтамссыз етілген. Қай жақтағы жедел-жәрдем көліктері деп таңқалмаңыз! Жамбылдағы көліктер жайын айтамыз.