Бүгінде елімізде жасөспірімдер арасында орын алып жатқан түрлі оқыс оқиғалар жан түршіктіреді. Астанадағы 200 оқушының төбелесі, Тараздағы мектептегі әлімжеттік, Шығыс Қазақстандағы жасөспірім қыздар арасындағы түсініспеушілік. Одан қала берді желі арқылы ойын ойнап, жан тапсырған жастар тағы бар. Айта берсең санынан жаңыласың.