Алдағы өтетін жалпыұлттық референдум еліміздің болашағы үшін стратегиялық маңызға ие. Бұл туралы Жетісу облысында жүрген АЭС салуды қолдау жөніндегі штаб мүшелері айтты. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған депутаттар мен сарапшылар өңір жұртшылығымен кездесіп, референдумға белсенді қатысуға шақырды. Энергетика саласын дамыту перспективаларын талқылады. Сонымен бірге, штаб мүшелері мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік аз қамтылған санаттағы азаматтар жұмыс істейтін тігін фабрикасының ұжымымен, құрылысшылармен және белсенді жастармен кездесті. Инновациялық технологияларды енгізудің игілігі туралы ой қозғады.