Басқа электр станцияларына қарағанда, АЭС-те отын ретінде 5-10 пайызға байытылған уран қолданылады. Ал көмір, газ бен мазут жағатын жылу электр стансалары өткен ғасырдың 70 жылдары салынғандықтан, тозығы әбден жеткен. Сондықтан оларды қайта жаңғыртып, жаңасын салғаннан, жаңа заманауи қуат көзіне көшкен әлдеқайда тиімді.
«Қазақгаз аймақтың» Жамбыл өндірістік филиалы ұжымымен кездескен халықтық штаб өкілдері атом өндірісі туралы жан-жақты түсінік берді.