Меркеіде шаруалар қант қызылшасын жинай бастады. Осы орайда «Меркі қант зауытында» қабылдау пункті ашылып отыр. Дақылды лезде игеріп, қантқа айналдыратын зауыт қожайындары биыл қызылшаның ақшасын созбақтамай, шаруаларға ақысын уақытылы береді деген үміт те бар.