Енді Жамбыл облысында қар барыстарын жақыннан көріп, аю мен арқарлар жүрген жерге баруға болады. Меркі ауданы туризмнің осындай бағытын дамытып, ұлттық парк құруға кірісті. Тіпті аймақ тұрғындарын Алатаудың басына апарып, Тянь-Шань тауымен таныстырды. 30-дан аса адам қалың қар жамылғылары мен мәңгілік мұздықтарды қолымен ұстап көрді.