Биыл мемлекеттік кірістер комитетінің құрылғанына 10 жыл толды. Осыған орай Таразда ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. Мерекеде сала ардагерлері мен үздіктеріне түрлі марапаттар табыс етілді.
Мерекелік жиынға арнайы келген аймақ басшысы Ербол Қаршөкеев департамент мамандарын атаулы күнмен құттықтап, жылы лебізін білдірді.